Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда қырағы тұрғындардың бірі дропперді ұстауға көмектесті

Оралда қырағы тұрғындардың бірі дропперді ұстауға көмектесті
Фото: polisia.kz

Оралда қырағы тұрғындардың бірі дропперді ұстауға көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 қазан күні Абай полиция бөлімінің кезекші бөліміне Орал қаласының тұрғыны хабарласып, тапсырыс бойынша егде жастағы әйелдің сәлемдемесін жеткізгені күдік тудырғаны туралы хабар берді. Ол айтылған мекенжайға барған кезде алдынан жасы үлкен әйел шығып, сөмкені ұстатады. Содан бұл жерде бір шикіліктің барын сезіп, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлауды жөн көреді.

Полицияның жедел уәкілдері тез арада аталған жеткізушімен байланысып, алаяқтың ізіне түседі.
Анықталғандай, Орал қаласының 84 жастағы тұрғынына белгісіз біреулер хабарласып, өздерін құқық қорғау қызметкері ретінде таныстырып, оған қызының жол-көлік апатына түскенін және оны реттеу үшін қомақты ақша қажеттілігін айтып, келген курьер арқылы беріп жіберуін талап етеді. Қоңырау шалушылардың сөзіне сенген зейнеткер алаяқтарға 1000 АҚШ долларын және 300 мың теңге ақшасын беріп жіберген.

Ал дроппер өз кезегінде алаяқ бола тұра, ізін жою үшін арнайы қосымшалар арқылы жеткізушінің көмегіне жүгінеді.

Жедел-тергеу іс-әрекеттері нәтижесінде Орал қаласы ПБ Абай ПБ қызметкерлері 22 жастағы Орал қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Алайда, ол ақшаны алаяқтарға беріп үлгермеді.

Ұсталған азамат Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚҚ-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады