Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Министр зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты

Министр зорланған егіз қыздың жағдайы туралы айтты
Фото: pixabay.com

Алматы облысында өгей нағашы атасынан қорлық көрген 3 жасар егіз қыздар мен Алматы қаласында зорланған 7 жасар оқушының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, балалардың жағдайы бақылауда.

Балалардың жағдайы – орташа ауыр. Медицина қызметкерлері балаларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты балаларға операция жасалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр министр қай балаға қандай операция жасалғанын айтпады.

Бұл пациенттердің жеке мәліметі екенін ескеріп, қандай операция жасалғанын айта алмаймын. Олардың дене мүшесінде жарақат болғандықтан дәрігерлер тиісті операцияларды жүргізді, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлағаны туралы жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Алматыдағы мектепте 7 жасар оқушының зорланғаны белгілі болған.

Сондай-ақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура балалардың қауіпсіздігіне қатысты өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруға тиіс екенін айтқан болатын. Тоқаев Президент әкімшілігіне қылмыс жасағандарды заң жүзінде жазалау үшін осындай жағдайлардың бәрін айрықша бақылауға алуды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты