Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда өрттен 3 адам қаза тапты

Петропавлда өрттен 3 адам қаза тапты
Фото: pixabay.com

Петропавлда жеке тұрғын үйде қаза тапқан үш адамның отбасына жергілікті атқарушы орган тарапынан көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Қылмыстық іс қозғалды.

«Үш адамның денесі үйдің кіреберісінен табылды. Олар: 2003 жылғы келіншек, 2018 жылы туған ұл және 2022 жылы туған қыз бала. Оқиға орнын қарау кезінде пештің жағылмағандығын көрдік. Алдын ала болжам бойынша өрт электр желілерінің қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін, тексеріс кезінде үйдің төбесінің қатты күйгенін байқадық», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Бұл баспана жалға беріліп келген. Қаза тапқан 20 жастағы әйел бірден асқан қызымен, күйеуімен және күйеуінің 40 жастағы анасы 5 жасар ұлымен бірге тұрған.

Енесі сол күні жұмыста болған, ал ер адамды ұйықтап жатқан жерінен әйелі оятқан екен, бірақ ол үйдегілерді құтқарып үлгермеген.

Петропавл әкімдігі зардап шеккендерге көмек көрсетпек.

«Кеше қаламызда қайғылы жағдай болды. Қызыл жалын үш адамның өмірін әкетті.

Қаза тапқан адамдардың туғандарына қайғырып көңіл айтамын.

Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсіміне, уақытша жалдамалы пәтерге, басқа да қажеттіліктерге қаржылай көмек көрсетілетін болады», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады