Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты

Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты
Фото: Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты. Марқұм 1994 жылы туған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 мамырда түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында Алматы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты.
"Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Құрманбековтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды".Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Ведомство өрт сөндірілмегенін, әлі жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, бүгін, 8 мамырда түнде  "Іле-Алатау паркі" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Кіші Алматы орманшылығы 38-аумағында қураған шөп пен ағаштар жанған.

Оқиға орнында "Іле Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметкерлерінен 42 адам және төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері, сондай-ақ 5 техника жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" тікұшағы ұшып шықты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды