Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы тұрғыны қарыз берушілердің алдында ақталмақ болып, полицияға жалған хабарлама берген

Алматы тұрғыны қарыз берушілердің алдында ақталмақ болып, полицияға жалған хабарлама берген
Фото: pixabay.com

Алматы тұрғыны қарыз берушілердің алдында ақталмақ болып, полицияға жалған хабарлама берген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай алдау әдісін 35 жастағы С.есімді азамат жасаған. Ол түнгі 03:00 шамасында полицияға хабарласып, жеке такси қызметін жасап жүргенінде оған шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, белгісіз екі адам оның көлігінде жолаушылардың атын жамылып, физикалық күш қолданып, ірі көлемдегі ақша салынған пакетті алып кеткен.

– Бұл қылмысты ашу барысында жедел тергеу тобы жәбірленушінің айғақтарындағы сәйкессіздіктерге назар аударған. Азамат деректерді айтарда жиі шатасқан және алғашқы тергеу әрекеттері кезінде қатты қобалжыған. Қарақшылық шабуыл болмағаны белгілі болды. С.есімді азамат қарызы бар таныстарының алдында өзін ақтау үшін ойлап тапқан. Бұл қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. Жалған хабарлама жасағаны үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 419-бабының талаптарында көзделген. Қазіргі таңда бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. С.есімді азамат өз кінәсін мойындады, – деді Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Зухраб Мырзағали.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады