Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“2 млн теңгені иемденіп алған”: Алматыда тұрғынды тонаған күдікті қолға түсті

“2 млн теңгені иемденіп алған”: Алматыда тұрғынды тонаған күдікті қолға түсті
Фото: pixabay.com

Алматы полицейлері тұрғынға шабуыл жасап, банк шотынан 2 миллион теңге шешіп алған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сатйына сілтеме жасап.

Жеңіл жолмен ақша табуды ұнататын азаматты қаланың Жетісу ауданының полицейлері ұстады.

– ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігінде көзделген – тонау, яғни өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау қылмысын жасағаны үшін Алматы облысының тұрғыны, Д.есімді азамат ұсталды. Түн ортасында Айнабұлақ ықшамауданында жас жігіт өтіп бара жатқан адамды кездестіргені белгілі болды. Жас жігіттің басында бірден қылмыстық жоспар пайда болды: ол өтіп бара жатқан адамның басынан ұрып, телефонын тартып алды. Одан әрі банктердің бірінің қосымшасынан қомақты соманы көріп, ойланбастан есепшоттан 2 миллион теңгеге жуық ақшаны шешіп алған. Күдікті жедел түрде ұсталды. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазір күдіктінің жеке басы бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сонымен қатар полицияда ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін еске салды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады