Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер құрықталды

Алматыда қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер құрықталды
Фото: polisia.kz

Алматыда қоғамдық орындарда ұрлық жасап жүрген күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіл ақшаны ұнататындардың бірі Әуезов ауданындағы тұрғын алабында “жұмыс” істеген.

– ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 27 жастағы А.есімді азамат өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, оның телефоны мен құлаққабын иемденіп алған. Жәбірленуші шығын көлемін 400 мың теңгеге бағалаған. Күдікті жедел әдіспен анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Алматының Медеу ауданында тағы бір күдікті ұсталды. Сөз түнгі уақытта Зенков пен Пушкин көшелерінің қиылысында өтіп бара жатқан адамның телефонын ашық түрде ұрлап кеткен 20 жастағы И.есімді азамат жайында болып отыр.

– Күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Оның қылмыстық әрекетінің сериялық сипаты белгілі болды: сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас бес дерек анықталды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес қамауға алынды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Жақыпбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді