Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады
Фото: polisia.kz

Алматы полициясы есірткі жарнамалаушыны құрықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел түрде алынған мәліметтерге сәйкес, Абай даңғылы мен Алтынсарин көюралар іліп, есірткі заттарын заңсыз жарнамалап, насихаттап жүрген.

– Біздің бөлімше қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен “Қарасора – 2023” іс-шарасы аясында 44 жастағы Ж.есімді азаматты ұстады. Одан есірткі дүкенінің сілтемесі мен жазуы бар 30 брошюра табылды. Күдіктінің тұрғылықты жерінен 205 дана осындай жапсырмалар тәркіленді. Әрбір хабарландыру үшін “жарнама ілуші” ақшалай сыйақы немесе синтетикалық есірткінің белгілі бір мөлшерін алатыны белгілі болды. Қаскөйдің әрекеті ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша сараланады. Бұл баптың санкциясында 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді