Жм, 02 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте кибер-алаяқ сотталды

Шымкентте кибер-алаяқ сотталды
Фото: pixabay.com

Шымкентте кибер-алаяқ бас бостандығынан шектелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай ауданының полициясына интернет-алаяқтық туралы арыз түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, әлеуметтік желіде досы одан ақша сұрап хат жазып, қиын жағдайға тап болғанын және бірнеше күннен кейін барлық соманы қайтаратынын жеткізген. Ер адам ол көрсеткен шотқа ақша аударымын жасап, біраз уақыттан кейін досымен кездескенде онымен мүлдем хат алмаспағанын білген.

Аталған арыз бойынша қылмыстық істі тіркеген полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Бойжеткен тағы бір азаматтың сеніміне кіріп, дәл осындай жолмен ақша алғаны белгілі болды. Қаскүнем әлеуметтік желідегі құрбандарының парақшасын мұқият зерттеп, достарының атымен аккаунт ашқан.

Қылмыстық ойын жүзеге асыру үшін ол басқа адамдардың профилінен жүктеп алынған фотосуреттерді пайдаланып, жәбірленушілердің санасында ешқандай күмән қалдырмаған.

Осылайша, Абай АПБ-ның тергеушілері іс материалдарын барлық жинақталған айғақтармен бірге сотқа жіберді. Жас қыз ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті