Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған мобильді қосымша іске қосылды

Елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған мобильді қосымша іске қосылды
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік қызметтер порталы функционалының қолжетімділігін арттыру үшін мүгедектігі бар адамдар оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарына тапсырыс бере алатын «Aleumet» қосымшасы әзірленіп, іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қосымша толығымен тегін қызмет көрсетеді және оны «App Store» немесе «Play Маркеттен» жүктеп алуға болады.

Болашақта бұл қосымшаның функционалдығы кеңейеді, мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын басқа қызметтерге тапсырыс беру мүмкіндігі пайда болмақ. Оларға санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі маманы, жеке көмекші және басқа да арнайы әлеуметтік қызметтер қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 377 мыңнан астам қызмет алды, олардың басым бөлігі оңалтудың техникалық құралдары (бұдан әрі – ОТҚ) болып табылады.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізіп беру де мүмкіндігімен қатар тапсырыс иесі өзі де алып кете алады.

Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекемелер (бөлімшелер), 482 ОТҚ жеткізушілер, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 703 ымдау тілі маманы және 104 санаторлық-курорттық емдеу қызметін беруші тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды 1414 бірыңғай нөмірі арқылы байланыс орталығынан алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды