Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кешенді іс-шара барысында қала аумағында есірткі таратумен айналысатын теріс діни ағымдағы ер адамды құрықтады.

Полицейлер күдіктіні ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырып, оны қылмыс үстінде қолға түсірді. 26 жастағы қала тұрғынынан есірткіге ұқсас хош иісті зат салынған полиэтиленді пакет табылды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың марихуана екенін растады.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталған азамат бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол 2019 жылы ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша, ал 2020 жылы ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотталған.

Қазіргі таңда ер адам қамауда. Сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды