Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстаулық шаруалар Францияда өткен дүниежүзілік ірімшік сайысында үздік атанды

Маңғыстаулық шаруалар Францияда өткен дүниежүзілік ірімшік сайысында үздік атанды
Фото: inbusiness.kz

Le Mondial du Fromage байқауы – кез-келген елдің өндірушілері өз ірімшіктерін әлемдік қауымдастыққа ұсына алатын Еуропадағы жалғыз алаң. Ешкі мен түйе сүтінен жасалған Маңғыстау ірімшіктері Mondial du Fromage -2023 байқауында қола мен күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Түпқараған ауданында тұратын кәсіпкерлер Орталық Азиядағы ірімшік жасаушылардың Халықаралық Гильдиясына құрметпен және салтанатты түрде қабылданған алғашқы ірімшік жасаушылар болды. Бұл ірімшіктер енді әлемдегі жоғары сапалы ірімшіктердің қатарына енетін болады.

Le Mondial du Fromage байқауы – кез-келген елдің өндірушілері өз ірімшіктерін әлемдік қауымдастыққа ұсына алатын Еуропадағы жалғыз алаң.

Отандық кәсіпкерлер түйе сүтінен жасалған ірімшіктің 4 түрін ұсынды. Айта кету керек, мұндай ірімшіктер байқауда алғаш рет көрсетілді. Шаруашылық қазір пастерленген ешкі сүті, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады.

"Александра Гаврилова біздің кеңестің белді мүшесі. Бүкіләлемдік ірімшік жасаушылар гильдиясына қабылданғаны үлкен қуаныш болды. Мұндай жаңалық Қазақстан үшін алғаш рет болып отыр. Бұл ірімшік жасаушылардың әлемдік элитасы. Біздің жергілікті өнімдер сапасы мен табиғи құрамы жағынан ешкімге дес бермеді",- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

Ірімшіктер туралы айта кетсек, бәсекелестік шынымен әлемдік деңгейде болды. "7 лак" ЖШС-нің екі түрлі ірімшігі күміс пен қола алды. Бұл конкурсқа барлығы 1400-ден астам ірімшік жіберілген. Оның 150-і бағаланған.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді