Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлытау облысының полицейлері автомобиль салонында жасырылған 15 кг марихуана тапты

Ұлытау облысының полицейлері автомобиль салонында жасырылған 15 кг марихуана тапты
Фото: Polisia.kz

"Қарасора-2023" ЖПШ шеңберінде 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында Жезқазған-Қызылорда трассасында жедел ақпаратты іске асыру кезінде 46 жастағы жүргізушінің басқаруымен Kia Cerato автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ салонда 30 және 41 жастағы екі ер адам болды.

Көлік салонын тексеру кезінде 30 жастағы жолаушыға тиесілі сөмке тәркіленді, оның ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары бар төрт полиэтилен қапшық табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар салмағы шамамен 15 кг марихуана болып табылады.

Сонымен қатар көлік салонында 41 жастағы жолаушыға тиесілі, болжам бойынша киік етіне ұқсас ет тәркіленді. Осы факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚК 297-бабы және қылмыстық кодекстің 339-бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді