Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.