Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды

Шымкентте қоштасу хатын жазып, үйінен кетіп қалған жеткіншек аман-есен табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз шағымында отбасылық жанжалдан кейін 15 жастағы баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізді. Азаматшаның айтуынша мұндай жағдайлар бұған дейін бірнеше рет қайталанған. Алайда ол бұл туралы полицияға шағым түсірмепті. Осы жолы баласының үйден кетуіне анасының мопед алып бермеуі себеп болған.

Жасөспірім кетер алдында ақ параққа анасын жақсы көретінін, оған жақсы бала бола алмағандығын, енді мұндай қателіктер қайталанбайтынын, тек мопед айдап бақытты болып жүргісі келгенін жазып көрсеткен.

Жоғалған баланы жедел-іздестіру жұмыстарына Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Бейнекамералар мен жасөспірімнің баруы мүмкін жерлер, сауда нүктелері мен қала көшелері тексерілді.

Бір жарым тәулікке жалғасқан іздеудің нәтижесінде тәртіп сақшылары ер баланы қаладағы тастанды үйлердің бірінде жасырынып отырған жерінен тапты.

Полицейлер жеткіншекпен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, ақымақтыққа бармау туралы ескертті. Ал әбден уайымға салынған ана погонды қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды