Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында төрт айлық баласымен жоғалған келіншек табылды

Түркістан облысында төрт айлық баласымен бірге үйінен шығып кеткен келіншек араға сегіз күн салып, Шымкенттен табылды. Келіннің үйінен кетіп қалуына енесімен арадағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Балалы келіншек Шымкенттегі дағдарыс орталығынан табылды. Ол үйінен 10 маусым күні шығып кеткен. Ал 14 маусымда келіннің енесі полицияға хабарласып, көмек сұрайды. Төрт айлық баласымен бірге жоғалып кеткен келіншекті іздеуге полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.

Ең алдымен келіншек баруы мүмкін жерлер тексеріліп, кейін барлық танысынан жауап алынды. Сондай-ақ келіншектің жоғалғаны туралы хабарлама әлеуметтік желіні де шарлап кеткен. Полицейлер келіншекті араға сегіз күн салып, Шымкенттегі дағдарыс орталығынан тапты. Кейін белгілі болғандай, ол енесімен ұрысқан соң, үйінен кетіп қалған, деп жазады басылым.

Қазіргі таңда әйелдің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол үйіне қайта оралды. Айта кетелік, келіншектің жоғалғаны туралы ақпаратты танымал журналист Гүлмира Әбіқай да жариялады. Журналиске жоғалған әйелдің құдашасы хабарлама қалдырып, 24 жастағы келіннің жеті жылдан бері отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеген. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты