Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты

Президент отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің әлеуетімен танысты
Фото: Ақорда

Оқу-жаттығу жиыны барысында Мемлекет басшысы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қару-жарақ пен әскери техника шығару және жөндеу мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Далада ұйымдастырылған арнайы алаңқайда Орталық Азия аймағындағы бронды техникаларды жөндеуге маманданған жалғыз «Семей инжиниринг» (Семей) зауыты бронды жөндеу-эвакуациялық транспорттау машинасын пайдалана отырып, ұрыста зақымданған техниканы қайта қалпына келтіру барысын көрсетті.

«Navyco» компаниясының өкілі (Астана) бронды техниканы қалпына келтіруге арналған агрегаттардың дала жағдайында қалай ауыстырылатыны, ал «КамАЗ Инжиниринг» (Көкшетау) және «№405 авиажөндеу зауыты» (Алматы) кәсіпорындары әскери техниканы құрастыру, қалпына келтіру мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

Көрмеге Қазақстан мен Түркияның «Қазақстан Aselsan инжиниринг» (Астана) бірлескен кәсіпорны, «Восток Полимер Снаб» ЖШС (Өскемен), «Universal-Build» ЖШС (Алматы), «Energy General» ЖК (Алматы) және басқа да кәсіпорындардың өнімдері қойылды.

Президентке түркиялық «Оtakar» компаниясы шығаратын ARMA бронды машинасының су кедергілерінен өту мүмкіндіктері таныстырылды.

Көрмені аралап көрген Мемлекет басшысы отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетін арттыру маңызды екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды