Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қарулы Күштердің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, оның ішінде армияны техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысы туралы баяндалды,  деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қалыптастыруға бағытталған негізгі құжаттарға қатысты жұмыстардың аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының әзірленуі және бекітілуі жайында айтылды. Бұл құжат шетелден қару-жарақ пен техника сатып алуға ғана емес, сондай-ақ отандық қару-жарақ үлгілерін әзірлеуге, инфрақұрылымды жетілдіруге, әскерді цифрландыруға байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұрат Бектановтың айтуынша, ұлттық жобаның негізгі мақсаты – азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Қорғаныс министрі Президентке қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы және Қарулы Күштердің заманауи сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге төтеп беруге әзірлігі жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар Мұрат Бектанов Жоғарғы Бас қолбасшыға Қазақстан халқына арналған Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың орындалуы туралы баяндады. Сондай-ақ Әскери доктринаны қайта қарауға және экономиканың нақты секторындағы сұранысқа ие мамандықтарды мерзімді қызметтегі сарбаздардың меңгеруіне қатысты мәселелерге жан-жақты тоқталды.

Кездесу соңында Президент еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді