Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентау тұрғыны жертөлесін фитозертханаға айналдырған

Кентау тұрғыны жертөлесін фитозертханаға айналдырған
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жатын бөлмесінің астынан жертөле жасап, есірткі өсіру үшін фитолаборатория жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жертөлені фитолабораторияға айналдырып, есірткі өсірген кентаулық тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық шарасы аясында жүйелі жұмыс жүргізген полицейлер, жатын бөлмесінің астынан арнайы жертөле істеп, онда фитозертхана жасаған тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер тінту барысында оқиға орнынан 24 түп шелекке отырғызылған сора өсімдігі мен 20 сіріңке қорабына салынған есірткі өсімдігі, сондай-ақ бір қағаз орамасын тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сараптама қорытындысы бойынша шелекке егілген өсімдік жалпы салмағы 2 келіден астам сора, ал сіріңке қорабы мен орамадағы есірткі 300 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 300-бап 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру) бойынша тіркеуге алды.
Күдікті ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді