Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді

Президент Ұлттық банктің басшылығымен кеңес өткізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлейменовті таныстырды. Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-экономикалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін жетік білетінін, төрт жылдан астам уақыт Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық блогын басқарғанын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмендету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келесі жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.

– Біз бизнесті жеткілікті дәрежеде несиелендіруді қамтамасыз ету міндетін көтергенімізге бір жыл ғана болған жоқ. Бұл жұмысты жеделдету қажеттігі жөнінде мен Қазақстан халқына Жолдауымда мәлімдедім. Аталған мәселе бойынша теңгерімді шешім табу, жаңа тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді енгізу ісін белсенді түрде ынталандыру маңызды. Халықаралық қаржылық ынтымақтастыққа және Ұлттық банктің үшінші елдердің орталық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аудару қажет. Қазіргі геосаяси жағдайда еліміздің қаржы жүйесіне жаһандық реттеушілердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан осындай қарым-қатынас орнатуда теңгерімді әрі тиімді жол табу және елдің қаржылық қауіпсіздігі үшін тәуекелдер мен салдарға тиісті баға беруді қамтамасыз ету маңызды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүктелген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты