Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты

Павлодар облысында жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында интимдік қызметтерді ұйымдастыруға және ұсынуға қатысы бар күдікті қылмыстық топтың қызметін анықтады.

Бір мезгілде Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқан 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды.

– 25 тінту іс-шарасы өткізілді. Полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді, оның ішінде әкімшілер, массажисттер және осы мекемелердің клиенттері бар. Тінту барысында 10 млн теңге және 1600 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат, екі аңшы мылтығы, екі газ тапанша, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім жинақтары, маскалар, қамшылар, кісендер, жарнамалық өнімдер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді. Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады, – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазіргі уақытта 4 факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды