Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Арнайы комиссия Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында орын алған апаттың себептеріне жан-жақты тексеру жүргізеді

Арнайы комиссия Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында орын алған апаттың себептеріне жан-жақты тексеру жүргізеді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Қазақстан» шахтасында орын алған жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бірінші кезекте Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 17 тамызда сағат 10:05-те шахтада конвейерлік таспаның тұтануы орын алғанын баяндады. Жедел әрекет ету шеңберінде апатты жою жоспары дереу іске қосылып, жұмысшыларды жер үстіне шығару ұйымдастырылды. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Сағат 13:50-дегі жағдай бойынша 222 кенші жер үстіне шығарылды. Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты тағы бес кенші шыға алмады.

Құтқару жұмыстары барысында сағат 17:20-да бір кеншінің денесі табылды. 18 тамызда сағат 08:10-да жоғалған екінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және сәйкесінше, өндіріс орнының қол жетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған. Қазіргі уақытта шыққан өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің хабарлауынша, апат салдарынан 13 адам зардап шеккен. Олардың тоғызы улы газдармен уланып, оның ішінде ауыр дәрежеде иіс тиіп, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде екі шахтер жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Науқастардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде, тұрақты. Естерін біледі. Ауыр интоксикация синдромы мен энцефалопатия жағдайды ауырлатып тұр. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.

Тағы төрт адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді, тағы екі адам стационарлық ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр «Қазақстан» шахтасындағы апаттың себептерін жан-жақты тексеру үшін комиссияның жұмысын сапалы қамтамасыз етуді және зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Әлихан Смайылов тиісті шешімдер қабылдау үшін ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жүргізіліп жатқан өнеркәсіп және экологиялық аудиттерді жедел аяқтауды талап етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді