Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары тағайындалды. Лауазымды қызметке Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов келді. Бұл туралы Жезқазған әкімдігі Instagram парақшасында хабарлады.

Аман Сайлаубекұлы Барикенов 36 жаста, Жезқазған қаласында туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2008 жылы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепті, аудиторлық бақылауды және қаржылық бақылауды дамыту департаментінде басқарма эксперті болып бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған. 2019 жылдан бастап бүгінге дейін премьер-министр кеңсесі экономика бөлімінің меңгерушісі болды.

Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов 47 жаста, Жаңаарқа ауданында туған. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихаты аппаратында маман болып бастап, әр жылдары Жаңаарқа, Абай аудандарында, Сәтбаев қаласында жауапты мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған. 2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
61 комментарий
References: Online pokie sites that accept bpay https://powell-lundberg.federatedjournals.com
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды