Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұз тұрғындары қала әкімнің отставкаға кетуін талап етті

Екібастұз тұрғындары желіде әкімнің отставкаға кетуін қызу талқылауда. Қала басшысын жұмыстан босатуды талап еткен жазбада оқырмандардың пікірі екіге бөлінген. Бұған қатысты Павлодар облысының әкімдігін түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Көптің талқысына түскен жазба Instagram әлеуметтік желісіндегі zhaloba__ekibastuz тобында жарияланды. Бұны көрген желі оқырмандары өз ойларын жазып жатыр.

Бірі "әкім жұмысын атқарып жатыр" десе, екінші тарап қала басшысын отставкаға жіберу туралы талапты қолдаған. "Бұл әкім кете берсін", "Ол кеткенімен басқасы келеді. Айырмашылық бар ма?", "Мені де әкімнің қашан қызметінен кететіні қызықтырады? Алайда қашан? Арыздар өте көп, қала дамып жатқан жоқ", "Жақсы әкім. Барлық жерде тәртіп бар. Маған ұнайды", "Жаман әкім емес секілді. Қаланың барлық жеріне тасжол төседі", - деді олар.

Павлодар облыстық әкімдігі бұған қатысты пікір білдіріп, қала басшысының қызметінен босату туралы шешім әлі шықпағанын жеткізді. "Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қазір облыстық сотта апелляцияда жатыр. Өтініш үкім күшіне енгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен берілетін болады", - деп түсіндірді ведомствода.

Айта кетейік, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің екі қызметкеріне қатысты іс Павлодар облыстық сотының қарауына келіп түскен. Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталған еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді