Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада автобус жолақысын төлемейтін тұрғындар жылына 3-4 млрд теңге шығын әкеледі

Астанада қоғамдық көлік ақысын төлемейтін жолаушылардан келетін шығын жылына 3-4 млрд теңгені құрайды. Аталған мәселені Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, мәслихат депутаты Владислав Сергеев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

«Жолаушылардың қоғамдық көлік ақысын төлемеуінің салдары 30 пайыздан астам шығынға батырып отыр. Бұл дегеніміз - жылына 3-4 млрд теңге деген сөз. Біз қоғамдық көлікті субсидиялауға қосымша қаржы таба алмай жатырмыз. Мына жақта миллиардтап шығын келіп жатыр. Бұған себеп - жүйенің әлсіздігі. Қоғамдық көлікте электрондық төлем жасау жүйесі ашық болуы тиіс. Бүкіл процесс көрініп тұруы тиіс», - деді Владислав Сергеев қалалық мәслихаттың отырысында. Осы орайда комиссия төрағасы қоғамдық көлік ақысын төлеу жүйесі мәселесін бөлек қарауды ұсынып отыр.

«Қоғамдық талқылау өткізу керек және мәселені шешуде жұртшылықты барынша тарту қажет. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін онлайн дауыс беру арқылы таңдау жасау мүмкіндігін қарастырған жөн. Бұл - жылдан жылға шешілмей келе жатқан проблема», - дейді ол. Бұған дейін мәслихат отырысында қалалық бюджет қаражатын игермеген 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылғаны айтылды. Одан бөлек, елордада бюджет қызметкерлерінің жалақасына қосымша 30%-дан 100%-ға дейін үстемақы берілетіні белгілі болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті