Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жамбыл облысында полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Жамбылда полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Carina автокөлігін байқап, жүргізушіні тоқтатпақ болды. Алайда облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны полицейлердің талабына бағынбай, бой тасалауға әрекет жасаған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде құқық бұзушы көп ұзамай ұсталды. Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталып, медициналық куәландыру нәтижесімен расталды. Құқық бұзушының айтуынша, ол жұбайымен жанжалдасып, ашуланып көлікке отырған. Осы себепті полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы талабына бағынбай, қала ішіндегі көшелер мен бұрылыс жолдар арқылы қашып кетпек болған.

Жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны және полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 145 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл сапардың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді. Мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілердің кінәсінен ауыр зардаптарға, соның ішінде адам өліміне әкеп соғатын жол-көлік оқиғалары болуы әбден мүмкін. Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған 923 жүргізуші ұсталды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
100 комментариев
  • Isla
  • 17-11-2026, 09:48
  • : 09:48
References: Payid accepted casinos http://www.pshunv.com/space-uid-1172204.html
  • Luz
  • 17-11-2026, 19:22
  • : 19:22
References: Vip payid casinos pad.nixnet.services
References: Payid deposit casino https://www.natthadon-sanengineering.com/
References: Highest paying payid casino https://dachangningtongchengwang.qsygps.com
  • Brenda
  • 19-11-2026, 04:37
  • : 04:37
References: Payid deposit casino https://www.hyperlabthailand.com/
  • Everett
  • 19-11-2026, 05:14
  • : 05:14
References: Payid friendly casinos https://literaturewiki.site/
  • Genia
  • 19-11-2026, 05:35
  • : 05:35
  • Lola
  • 19-11-2026, 09:29
  • : 09:29
References: $5 payid deposit casino australia https://pads.dgnum.eu/xOj0qwA-T76PCX_WGOrdrw
  • George
  • 19-11-2026, 12:53
  • : 12:53
References: Legit payid pokies pad.nixnet.services
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды