Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Ұлытау облысындағы су тасқыны қаупі бар аудандарды тексерді

Қанат Бозымбаев Ұлытау облысындағы су тасқыны қаупі бар аудандарды тексерді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Жұмыс сапары барысында вице-премьер Жезді өзенінің арнасындағы жағдаймен танысып, Қарсақпай, Сарлық, Қорғасын, Бозтұмсық және Малшыбай елді мекендерін су тасқынынан қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қарап шықты. Сондай-ақ Қарсақпай және Кененбай бөгеттерін тексерді. Жезқазған қаласында вице-премьер Кеңгір су қоймасына барып, қала әкімінің қазіргі жағдай жөнінде баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс аумағында су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен айқындалған. Оның сегізінде су басу қаупі сақталып отыр, ал қалған 19 елді мекенде жүргізілген инженерлік және алдын алу шараларының нәтижесінде қауіп едәуір төмендеді.

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірде 1,6 шақырым қорғаныс дамбасы салынды, 3,5 шақырым канал, 3 шақырым арық және 350 су өткізу құрылысы тазартылды. Сарысу, Жаман Сарысу, Талдысай, Қаракеңгір, Жезді өзендері, сондай-ақ Кеңгір, Ақтасты және Жезді су қоймалары тұрақты бақылауда тұр.

Жедел әрекет ету үшін техника, инертті материалдар және басқа да қажетті ресурстардың резерві құрылды. 1 наурыздан бастап азаматтық қорғау күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді.

«Өңірдегі гидрометеорологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен кез келген өзгеріске жедел әрекет етіп, қауіп аймақтарында тәулік бойы мониторинг жүргізу қажет. “Қазгидромет” болжамына сәйкес Сарысу және Кеңгір өзендерінде су деңгейінің қауіпті межеге дейін көтерілу ықтималдығы бар. Жаңаарқа ауданында қауіп жоғары, ал Ұлытау ауданында орташа деңгейде. Осыған байланысты Сарысу және Тереңбұтақ өзендерінің арналарын тазарту жұмыстарын жеделдету қажет», — деді Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер облыс әкімдігіне тиісті қызметтермен бірлесіп елді мекендерді су тасқынынан қорғау бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, қысқа мерзімде өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын аяқтау, су деңгейін тұрақты бақылауда ұстау, гидротехникалық нысандардың дайындығын тексеру және жағдай күрделенген жағдайда халықты эвакуациялау жоспарларын жаңарту тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
63 комментария
  • Hong
  • 30-10-2026, 11:18
  • : 11:18
References: Instant wire transfer casino australia jszst.com.cn
  • Hubert
  • 30-10-2026, 11:28
  • : 11:28
References: ANZ casino wire transfer casino SWIFT payment australia
  • Ted
  • 31-10-2026, 02:39
  • : 02:39
Crypto deposits and withdrawals are usually the quickest once the casino approves them. Euro and USDT limits apply at the AUD equivalent. Our site offers reviews and guides for entertainment purposes only. This ensures your identity is verified and your online gambling payments are processed smoothly. If you’ve been in the Aussie online gaming scene for a while, you’ve likely noticed a big shift in how we can deposit our hard-earned dollars. Welcome to your guide on online casinos that once accepted Instant Bank Transfers References: https://osi-club.org/praktikaboerse/topic/whats-the-go-on-real-money-pokies-ban
k-transfer-australia/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды