Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жаңа мұнай-газ-химия жобасы жүзеге асуда

Павлодарда жаңа мұнай-газ-химия жобасы жүзеге асуда
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі мұнай-газ-химия саласын дамыту, көмірсутек шикізатын терең өңдеуді кеңейту және қосылған құны жоғары өнім өндіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Осындай жобалардың бірі – Павлодар қаласында алкилат өндіретін зауыттың құрылысы. Құны 35,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаны «INTERTRANS C.А.» ЖШС жүзеге асыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізіліп, тауарлық парктер мен сорғы станцияларына арналған іргетастар тұрғызылуда, сондай-ақ әкімшілік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде.

Жоба жылына 110 мың тонна бутан-бутилен фракциясынан 97,6 мың тонна алкилат өндіруді көздейді. Алкилат – жоғары октанды әрі экологиялық таза мотор отынының компоненті, ол К5 стандартына сәйкес келетін бензин өндіруде пайдаланылады.

Жобаны іске асыру көмірсутек шикізатын тереңірек өңдеуді қамтамасыз етіп, мұнай-газ-химия саласы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, негізгі өткізу нарығы жоғары октанды бензин өндіретін отандық зауыттар болады. Сонымен қатар экспорттық жеткізілімдер де қарастырылуда.

Құрылыс кезеңінде 500-ге дейін жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын жобалық қуатына шыққаннан кейін 178 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. Зауытты пайдалануға беру 2027 жылдың IV тоқсанында жоспарланып отыр.

Қазақстанда өндіріс көлемін ұлғайту және мұнай-газ-химия саласын дамыту мақсатында бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында карбамид, бутадиен және полиэтилен өндіру жобалары бар. Бұл жобаларды іске асыру көмірсутек шикізатын терең өңдеуді кеңейтуге, саланың экспорттық әлеуетін арттыруға және тиісті өнімдер бойынша елдің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
31 комментарий
  • Flor
  • 03-11-2026, 02:10
  • : 02:10
Das Casino belohnt Neuanmeldungen mit einem 100% Willkommensbonus bis zu 500€ sowie 200 Freispielen ab einer Mindesteinzahlung von 20€. Wer eines der besten Klarna Online Casinos sucht, wird mit GreatWin Casino viel Spaß haben. Das Casino verarbeitet Klarna gebührenfrei für direkte Banküberweisungen in Echtzeit. Damit dir die Auswahl in unserem Vergleich leichtfällt, haben wir drei herausragende Plattformen genauer analysiert. Das Bezahlen im Online Casino klarna casinos ist technisch ein reines Einzahlungssystem (One-Way-System).
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды