Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек

Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек
Фото: pixabay.com

Энергетика министрлігі көмір химиясын дамыту бағытын көмір өнеркәсібін жаңғыртудың және шикізатты терең өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар өндірістер қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде көмір химиясы саласында үш ірі жоба жүзеге асуда. Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде 500-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарында көмірден дизель отынын өндіретін, әрқайсысының қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайтын екі жоба жүзеге асырылуда.

Бұдан бөлек, тағы үш перспективалы жоба пысықталуда. Қарағанды облысында таскөмір шайырын қайта өңдеуді, бензол өндіруді және кокс газын тазартуды қамтитын кокс-химия өндірісін құру мәселесі қарастырылуда. Абай облысында аммиак пен карбамид өндіру жобасы пысықталуда. Тағы бір перспективалы жоба көмірден газ өндіруді көздейді. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру алаңы айқындалуда.

Қазақстанның бай көмір қоры жаңа жоғары технологиялық өндірістер құруға және көмірді терең өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды