Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Өскеменде психотроптық заттарды қойып кетумен айналысқан 20 жастағы күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдеріне Өскемен қаласында психотроптық заттарды қойып кетуді жүзеге асыратын облыс орталығының тұрғынына қатысты ақпарат келіп түскен.

Осы ақпаратты тексеру барысында тәртіп сақшылары ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлінісімен бірлесіп, облыс прокуратурасының қатысуымен аталған ер адамды ұстады.

Ұсталған 20 жастағы күдікті дереу жеке тінту кезінде 12 полимерлі ұнтақ және түйіршік түріндегі зат табылып, тәркіленді. Олар сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 2 грамнан асатын мефедрон және “а-pvp” психотроптық заты екені белгілі болды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Ұсталған адамның айтуынша, ол өз қызметін интернет-дүкендердің бірінің көмегімен жүзеге асырған, онда ол есірткі құралдарын қайда қойып кету керектігі туралы “нұсқаулар” алып отырған.

Есірткі қойып кетушіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады