Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері 5 күнде 20 есірткі құқық бұзушылығын анықтады

СҚО полицейлері 5 күнде 20 есірткі құқық бұзушылығын анықтады
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

СҚО-да өткен аптада дәріханалар мен медициналық мекемелер полиция қызметкерлерінің назарында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тәртіп сақшылары құрамында есірткі бар заттардың заңды айналымындағы ережелердің сақталуын тексерді. Мұндай заттар қылмыстық ортаға түсіп кетпеу үшін оларды сақтау және пайдалану заңмен қатаң бақылауға алынған. Бұдан бөлек, өз жұмысында прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар да тексерілді. Полицейлер айтып өткендей, бұл саладағы тұлғалар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қараған, дегенмен, 11 құқық бұзушылық анықталды. Олардың арасында Петропавлдағы дәріханалардың бірінде әсер ету күші қатты дәрілік затты рецептісіз сату фактісі де бар. Фармацевт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша жауапқа тартылды.

«Аталған жұмыс 24 және 28 шілде аралығында өткен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілді, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Руслан Үмбетов. – Сонымен бірге басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар да тоқтатылмады. Іс-шара өткен 5 күнде 200 граммнан астам α-PvP синтетикалық есірткісі, 42 килограмм кептірілмеген марихуана тәркіленді. Жедел-профилактикалық іс-шара өткен уақытта барлығы түрлі 20 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның 9-ы қылмыстық, оның ішінде 3-уі есірткі өткізу фактілері. Аталған фактілерге қатысты сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты