Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген

Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген
Фото: polisia.kz

Ақсу тұрғыны бопсалаушыларға 22 млн теңгеден астам ақша берген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, соңғы екі жыл ішінде белгісіз адамдар жәбірленушіден ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін бейнежазбалардың таралуына қауіп төндіріп, ірі мөлшерде ақша бопсалады. Жалпы күдіктілер 22 млн теңгеден астам қаражат алған. Бұл адамдарға ақша беруге мүмкіндігі жоқ қала тұрғыны полицияға арызбен жүгінді.

– Арнайы іс-шараларды өткізу барысында Павлодар полицейлері, “Арлан” арнайы бөлімшесінің қатысуымен кезекті ақшалай қаражатты беру кезінде Павлодар қаласының үш тұрғыны қорқыту арқылы ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған кезде облыс орталығының тұрғындары белсенді қарсылық көрсеткенін атап өткен жөн. Жасырынуға тырысып, полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу таңдалды. Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді