Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тамара Дүйсенова мен ЮНИСЕФ өкілдері балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқылады

Тамара Дүйсенова мен ЮНИСЕФ өкілдері балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директорының орынбасары Октавиан Биволмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму, цифрлық даму, ішкі істер вице-министрлері, Ұлттық статистика бюросының және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары қатысты.

ЮНИСЕФ өкілдері Әлеуметтік кодекстің қабылдануын, өңірлерде Отбасының цифрлық картасы мен отбасын қолдау орталықтарының құрылуын оң бағалады.

Сондай-ақ олар әлеуметтік жұмыстың қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамытуға техникалық қолдау және көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Сонымен қатар жиында ЮНИСЕФ пен мемлекеттік органдардың балаларды қорғау, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтер және т. б. бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, АӘК бағдарламасын, балалардың хал-ахуал индексін, баланың цифрлық картасын жетілдіру, балаларды әмбебап балалар жәрдемақыларымен қамтуды (халықаралық тәжірибе негізінде) кеңейту бойынша жаңа шешімдерді әзірлеу үшін ЮНИСЕФ-тің ҚР Үкіметімен ынтымақтастығын дамыту жоспарланып отыр.

ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау шараларын күшейту, заңнаманы нығайту, мәселенің шығу себептерімен жұмыс істеуге ерекше назар аудара отырып, бала өмірінде орын алуы мүмкін қолайсыздықтардың алдын алу, білім берудің қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, бала жәбірленуінің алдын алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету және т. б. бойынша ұсынымдары бірлесіп қарастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді