11 шілде, 19:57 Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде үй заттары, жиһаздың 5 шаршы метр аумақта жануы орын алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді.Ер адам мен қыз бала қайтыс болды. Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
Қабылданған шаралармен өрт 20:33-те жойылды.Өрттің алдын ала себебі ашық от көзі болды, балалардың отпен ойнауынан да болуы мүмкін.