Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік елден шығарылды

Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік елден шығарылып, 700-ге жуық азамат жазаланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2694 адам жауапкершілікке тартылды. Тәртіп бұзушылардың жалпы санынан 696 шетел азаматы болса, 1998-і қазақстандықтар.

– Биыл біздің деректеріміз бойынша облыс аумағына 5520 шетелдік азамат кірді, олар көші-қон қызметі бөлімшелерінде тіркелген. Оның ішінде алыс шетелдердің тұрғындары – 318, ТМД елдерінен – 5202. Аймаққа көбінесе Өзбекстан азаматтары келді, олардың саны 4633 адам, сондай-ақ 375 Ресей және 277 ҚХР азаматтары. Сонымен қатар, 248 шетелдік, негізінен ҚХР азаматтары, визаларын заңды түрде ұзартып, тіркеу және хабарлама арқылы облыс аумағында тіркелді, – деп хабарлады облыстық көші-қон қызметі басқармасы.

Көші-қон желісі бойынша заң бұзушылықтар негізінен жоспарланған профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Шетелдік жұмыс күші жиі пайдаланылатын базарларға, құрылыстарға және басқа да объектілерге аса назар аударылады. Шетелдік азаматтардың уақытша тұрғылықты жері, тіркелгені, келу мақсаты және т.б. тексеріледі. Яғни, олардың облысқа турист немесе еңбек мигранттары ретінде немесе басқа да себептермен келгені де мұқият тексеріледі. Отандастар арасында да көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды.

– Қазір мәртебесін заңдастыру үшін шетелдіктің өзі ешқайда барудың немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Шетелдіктерді қабылдау туралы ақпараттандыру жөніндегі міндеттер біздің заңнамамен қабылдаушы тұлғаларға (ҚР азаматтарына) жүктелген. Шетелдіктің оларға келгені туралы хабарлама үш күн мерзімде берілуі қажет. Оны eQonaq мобильді қосымшасы, eGov сайты арқылы немесе көші-қон қызметі арқылы өте оңай істеуге болады, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД КҚҚБ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді