Екі бала зардап шеккен ойын алаңындағы төтенше жағдайдан кейін аудан әкімінің орынбасары Әлихан Бөкейхан қызметінен босатылады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жедел кеңесте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тиісті тапсырма берді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына көгалды орнатқан мердігер әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.
"Өткен аптада төтенше жағдай болды. Ересек адамдардың салғырттығынан екі бала зардап шекті. Қарағанды қаласының әкіміне осы салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Әлихан Бөкейханды қызметінен босатуды тапсырамын. Мен бәріне бірнеше рет ескерттім және әр жолы айтып келемін: егер ойын алаңдарын жөндеу керек болса, ең алдымен қауіпсіз жұмыс жасауды ойлаңыз. Мердігерлердің асығып, ақша тапқысы келетінін көріп жүрміз, ал кейбір әріптестеріміз бұған көз жұма қарайды", - дейді Ермағанбет Бөлекпаев.
Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев балалардың ойын алаңдары мен аула аумақтарын абаттандыру ережелерін қайта қарауды ұсынды.
"Жасанды жабынның орнына неге тартпан жабынды қолданбасқа. Осының барлығын зерттеп, өзгерту керек. Біздің мақсатымыз - қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету. Бұл мәселелерді тезірек шешу керек", - деп қосты Бөлекпаев.