Ср, 09 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО әкімі туысы және оның агробизнесі туралы айтты

СҚО әкімі туысы және оның агробизнесі туралы айтты
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровтан сол өңірде агробизнеспен айналысатын жақын туыстары туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сауал Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көтерілді.

"Солтүстік Қазақстан облысында сіздің жақын туыстарыңыз агробизнес саласында табысты жұмыс істейді. Облыс әкімі туысың болғанда ісің үнемі өрге басады. Бұл жерден мүдделер қайшылығын көрмейсіз бе?" – деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында әкімнен.

"Біріншіден, мен облысқа басшы болғаныма бірінші жыл. Ағам 1995 жылы ауыл шаруашылығымен айналыса бастады, өзі агроном, Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығын жақсы меңгерген. Сондықтан өз ісімен айналысады, ешқандай қайшылық жоқ. Барлығы заң аясында", - деді әкім сауалға жауап беріп.

Оның айтуынша, оған субсидия бөлуді Бас прокуратура да тексерген.

"Субсидиялар туралы ойласаңыз, жалған материалдар болды, барлығы тексерді, оның ішінде Бас прокуратура да бар. Заң аясында, қолданыстағы субсидиялар шеңберінде ол алады. Басқа ешкім артық ештеңе алмайды. Керісінше, менің тағайындалуымнан оның жұмыс істеуі одан да қиын болады, өйткені қазір әлеуметтік саламен айналысуға мәжбүрлеп жатырмыз. Ол қазір көбірек күш салады, көп жұмыс істеу керек. Келіп, оның қанша үй салғанын, медициналық пункттерді, демалыс орталықтарын салғанын көріңіздер. Ол бәрін жасап жатыр. Ол басқаларға үлгі болуға тиіс", - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты