Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде БЖЗҚ тағайындалмақ

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде БЖЗҚ тағайындалмақ
Фото: pixabay.com

 «Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) белгіленбек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көпжылдық тәжірибені және мемлекеттік дерекқорлармен жедел ықпалдасу мүмкіндігін ескере отырып, жоба («Ұлттық қор – балаларға») операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ны белгілеу жоспарланып отыр», - деді кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған Үнзила Шапақ.

Оның атап өтуінше, БЖЗҚ:

– ақпараттық жүйеде нысаналы талаптарға қатысушылардың талаптарын есепке алу;

– нысаналы жинақтарды алушыларға жинақтау шоттарын ашу;

– нысаналы жинақтау шотындағы жинақтарды есепке алу;

– нысаналы жинақтарды төлеу;

– жеке тұлғалардың дербес деректерін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен Дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз жинау және өңдеу;

– БЖЗҚ интернет-ресурсы және электрондық үкімет веб-порталының жеке кабинеті арқылы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді ұсыну функцияларына ие болады.

«Осылайша, қаралып отырған заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосуға қатысты тапсырмасын іске асыру үшін қажетті жағдай тудырады», - деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады