Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл полицейлері 20 минут ішінде жоғалған 3 жасар қызды іздеп тапты

Петропавл полицейлері 20 минут ішінде жоғалған 3 жасар қызды іздеп тапты
Фото: polisia.kz

5 маусым күні сағат 09:40 шамасында Петропавл тұрғыны үш жасар немересінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласты. Әйел сәбиді қалалық емханалардың бірінің дәлізінде телефонмен қалдырып, өзі дәрігердің қабылдауына кіріп кеткен, осы уақытта қыз бала белгісіз бағытта кетіп қойған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сыртқы полиция қызметі дереу жоғалған баланы іздеуге бағытталды, келесі 20 минут ішінде учаскелік инспекторлар, ювеналды полицейлер, патрульдік полиция батальоны мен өзге бөлімшелердің қызметкерлері іздестіру шараларымен айналысты. Сәттілік 363 автомобиль патрульінің экипажына ілікті. Азамат Темірханов пен Бақтияр Дощанов айналадағы аулалардың біріне кіріп, кіреберістің ашық терезесінен балалардың жылағанын естіп қалды. Төртінші қабаттан олар кішкентай жоғалған баланы тапты. Әже немересіне берген телефонға қоңырау шалуды тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары қоңырауға жауап беріп, іздеудің сәтті аяқталғанын хабарлады. Полицейлердің қолында нәресте тынышталып, көп ұзамай әжесіне тапсырылды. Оқиға орнына келген Петропавл қаласы ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Жақсылық Байбусинов қала тұрғынымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

– Қала тұрғындары мен қонақтарынан кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауын сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың хабар-ошарсыз жоғалып кетуінің әрбір фактісі төтенше жағдай ретінде бағаланады, олардың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шаралар кешені дереу қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, полицияға уақытылы жүгіну – жоғалған адамдардың қысқа мерзімде табылу ықтималдығын едәуір арттырады, – деді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды