Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында әкімдік ауыл мектебін 15 млн теңгеге сатты

Алматы облысында әкімдік ауыл мектебін 15 млн теңгеге сатты
Фото: pixabay.com

Алматы облысында ауыл мектебі жекенің қолына сатылып кеткен. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутаттың сөзінше, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шалқар ауылының орта мектебі 15 миллион теңгеге сатылған.

“Сіздерге бір сұмдықты айтайын. Біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз қазір. Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы орта мектепке соңғы жылдары толығымен ремонт жасалып, жаңадан спорт залын салып берді. Ауыл балалары қуанып жүргенде, мектепті жекенің қолына сатып жіберген. Кім сатады? Әрине, оны әкімдіктен басқа кім сатушы еді. Ол біреуден алған 15 миллион теңгеге сатқан, одан тізбектеліп, әрі қарай 80 миллионға басқа біреуге сатқан. Бұл мәселені прокуратураға айттым. Олар "шамамыз келмейді" дейді. Сот біздің шағымымызды қабылдамайды деп отыр”, – дейді депутат. 

Мәжілісменнің дерегінше, сол ауылда құлайын деп тұрған тұрғын үйдің өзі 17 миллион теңге тұрады. Ал бүтіп бір мектепті 15 миллион теңгеге сату миға сыймайтынын айтқан депутат Алматы облысы әкімдігіне 2 ай ішінде мектепті қайтарып алуды талап етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды