Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда балаларда сирек кездесетін генетикалық ауруды диагностикалаудың жаңа әдісі пайда болды

Қазақстанда балаларда сирек кездесетін генетикалық ауруды диагностикалаудың жаңа әдісі пайда болды
Фото: businessmir.kz

Қазақстан пациенттеріне сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру –1 типті нейрофиброматоз (НФ1) диагнозын нақтылауға мүмкіндік беретін молекулалық-генетикалық тестілеу қолжетімді болды. Бұл әдісті қолдана отырып, дәрігерлер НФ1 клиникалық көрінісі бар балаларды генетикалық мутацияға тексере алады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

NF1 генінде мутацияның болуына молекулалық-генетикалық тестілеуді «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясының қолдауымен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы» РМК базасында жүргізу жоспарлануда. Бұл бағдарламаның ұйымдастырушылары «University Medical Center» ҚҚ мамандарының қатысуымен «Балалар неврологтары, нейрофизиологтар, психиатрлар және психотерапевтер қоғамы» ҚБ болып табылады. Жақын арада НФ1 белгілері бар 30 бала тексеруден өте алады.

Сондай-ақ, осыған ұқсас көрсеткіштер бойынша молекулалық-генетикалық тестілеу 24 зерттеу көлемінде С.Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ-да өткізіледі.

НФ1 – әлемде 3000 баланың 1-інде туа кездесетін ауыр генетикалық ауру1,2. Кесел NF1 геніне әсер ететін мутациямен байланысты, ол ата-анадан мұраға берілуі немесе өздігінен кенеттен пайда болуы мүмкін. 3 1 типті нейрофиброматоз көптеген белгілермен көрінеді, оның ішінде теріде және тері астында жұмсақ ісіктердің пайда болуы (тері нейрофибромалары) және пигментация да (café au lait» деп аталатын сүт қосылған кофе дақтар) бар. 1,4-6

НФ1 ағзаға жан-жақты сипатта әсер етуі мүмкін: жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты, жүрек пен қан тамырлары, зат алмасу мен тері зардап шегіуі ықтимал. 30-50% жағдайларда НФ1 бар пациенттерде плексиформды нейрофибромалар деп аталатын перифериялық жүйке қабықтарында ісік пайда болады. 1,4-6  Мұндай ісіктер ауырсыну, қозғалыстың бұзылуы, тыныс алу жолдарының дисфункциясы, қуық пен ішектегі бұзылулар, бет пен дененің деформациясы, сондай-ақ қатерлі ісіктерге де айналуы мүмкін. Плексиформды нейрофибромалар ерте балалық шақта әртүрлі ауырлық дәрежесімен дами бастайды және өмір сүру ұзақтығын 8-15 жылға қысқарта алуға қабілетті. 6-10

Бүгінгі таңда 1 типті нейрофиброматоз диагнозы расталған қазақстандық пациенттер аурудың белгілерін емдеуге арналған инновациялық терапияны тегін ала алады.

Алтыншаш Жақсыбаева, «Балалар неврологтары, нейрофизиологтар, психиатрлар және психотерапевтер қоғамы» ҚБ президенті: «Ерте жаста 1 типті нейрофиброматозбен ауыратын пациенттерде аурудың клиникалық көріністері қалыптаспауы мүмкін, көбінесе балалардағы НФ1-нің бірден-бір көрінетін белгісі – «сүт қосылған кофе» түсіндегі терідегі дақтар. Неғұрлым күрделі жағдайларда NF1 геніндегі патогендік мутацияны іздеуге бағытталған молекулалық-генетикалық диагностиканы жүргізу ұсынылады. Бұл болжамды диагнозды растауға мүмкіндік береді».


Александр Таришкин, Қазақстандағы «АстраЗенека Ю-Кей Лимитед» ЖАҚ өкілдігінің директоры: «Уақтылы диагноз қою НФ1 сәтті терапиясының және пациент үшін қолайлы нәтиженің кепілі болып табылады. Біз Қазақстан Республикасының Ұлттық зертханалық қызметінің дамуына өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз және молекулалық-генетикалық тестілеу осы ауыр кеселді ерте кезеңде жиі анықтауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз, ал бұл өз кезегінде НФ1 бар пациенттердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға көмектеседі».

«АстраЗенека» өкілдігі Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның өкілдігі Алматы қаласында орналасқан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді