Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда жыл басынан бері 75 оқушы үйінен қашып, ерте жыныстық қатынасқа түсу дерегі 150 пайызға көбейді

Таразда жыл басынан бері 75 оқушы үйінен қашып, ерте жыныстық қатынасқа түсу дерегі 150 пайызға көбейді
Фото: psychologies.ru

Таразда соңғы 5 жыл ішінде қылмыс саны екі есеге дейін азайған. Ал, жыл басынан бері 31 пайызға төмендеген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Дегенмен, жауапты мамандардың мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы жағдай әлі де алаңдатарлық. Себебі, Таразда 4 ай ішінде 12-14 жас аралығындағы 75 мектеп оқушысы үйінен қашып кеткен, 16 жасқа толмағандар арасында жыныстық қатынасқа түсу фактісі 150 пайызға көбейген.

Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаевтың айтуынша, үйлерінен қашқан жеткіншектердің 44-і қыз бала болса, 31-і ұл. Жалпы, Тараз қалалық полиция басқармасының профилактикалық есебінде 161 кәмелетке толмаған жасөспірім тұр.

Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының іске асырылу нәтижесі қаралған жиында, сонымен қатар, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова аталмыш мәселе төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Бұған дейін Жамбыл облысында 80 жастағы қария 5 жасар қызға алма беріп, ұялы телефонын алып кеткенін жазған болатынбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды