Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«7-20-25»: бюджеті шектеулі бағдарламаның лимиті алына ма

«7-20-25»: бюджеті шектеулі бағдарламаның лимиті алына ма
Фото: dom.kz

«7-20-25» бағдарламасының бюджеті өзгермейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын Ұлттық банк 2018 жылы бюджеті 1 трлн теңге деңгейінде іске қосты. Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде 2023 жылға қарай жалпы сомасы 873,6 млрд теңгеге 65 554 отбасы несие алды. Даму қарқынын ескере отырып, бағдарлама 2023 жылы аяқталуы керек еді. Алайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық банк басқармасының шешімімен бағдарламаны іске асыру мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылды. Бұл ретте, 2023 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тәртібі өзгертілді. 1 трлн теңге сомасында жалпы бюджеттің орнына жылына 100 млрд теңгеден аспайтын бюджет белгіленеді», - делінген жауапта.

Оның атап өтуінше, бағдарлама лимитін енгізу туралы шешім инфляция мен тұрғын үй құнының ықтимал өсуін шектеу, бағдарламаға қызмет көрсетуге байланысты Ұлттық банктің шығындарын қысқарту үшін қабылданған.

«Осыған байланысты Ұлттық банк жыл сайынғы лимитті алып тастау және ұлғайту, сондай-ақ оны тоқсан сайын бөлуді алып тастау туралы ұсынысты қолдамайды», - деді бірінші вице-премьер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты