Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ДДҰ 3 жыл 1 ай және 24 күнге созылған COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады

ДДҰ 3 жыл 1 ай және 24 күнге созылған COVID-19 пандемиясының аяқталғанын жариялады

ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейесус әлемдегі COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимінің аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз есебін жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Кеше Төтенше жағдайлар комитеті өзінің 15-ші кездесуін өткізді және маған халықаралық алаңдаушылық туғызатын денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялауды ұсынды. Мен бұл ұсыныспен келістім", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Женевадағы брифинг барысында.

Тедрос Гебрейесус пандемия кезінде ДДҰ-ның бағалауы бойынша коронавирустан 20 миллион адам қайтыс болғанын айтты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап ведомствоаралық комиссия құрылды, онда 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылданды.

Комиссия халықтың денсаулығын COVID-19-дан сақтау мен қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын нығайту, дәрілік заттарды, иммунобиологиялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды, жеке қорғану құралдарын сатып алу, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шектеу шараларын күшейту және әлсірету мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.

Пандемия басталғаннан бері Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалалары әкімдіктерінің жанынан республикалық және жедел штабтар құрылды, олар күн сайын коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестірді.

Пандемия кезеңінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің COVID-19 мәселелері бойынша санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар бойынша 83 қаулысы әзірленіп, қабылданды, олар коронавирус инфекциясының жаңа нұсқаларының пайда болуын және вирустың қасиеттері туралы білімді ескере отырып, үнемі өзекті болып отырды.

Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қалаларда 16 модулдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана қайта жаңартылды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.Пандемия кезінде үйде медициналық көмек көрсететін 3054 көшпелі мобилдік бригаданың жұмысы басталды.

Психоэмоционалдық жүктемені, қауіптерді ескере отырып, медицина кадрларын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу бойынша шаралар қабылданды. Пандемияның барлық кезеңінде  57 мың медицина қызметкері шамамен 285 млрд теңге көлемінде түрлі ковидтік төлемдер алды.

Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі ресурстарының, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің және КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында өлімге әкелетін инфекцияның таралуын тоқтатуға қол жеткізілді.

Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурыз бен 2023 жылғы 5 мамыр аралығында коронавирус инфекциясының 1 411 883 жағдайы тіркелді. Пандемия 13 848 қазақстандықтың өмірін қиды.ДДҰ COVID-19 пандемиясын 2020 жылғы 11 наурызда жариялады. Нәтижесінде ол 3 жыл 1 ай және 24 күнге созылды.











скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді