Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорған әкімдігінің жетімдерді баспанамен қамту жобасы тиімсіз болып шықты

Талдықорған әкімдігінің жетімдерді баспанамен қамту жобасы тиімсіз болып шықты
Фото: akmolinform.kz

Талдықорған әкімдігі «Жетісу жастарына» арналған бағдарламаның талаптарын өзгертіп, оны ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға арнаған. Алайда, ол жоба жетімдер үшін тиімсіз болып шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Жетісу жастары» атты бағдарлама 35 жасқа толмаған жастарды баспанамен қамту үшін әзірленген. Осы мақсатта бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. Жоба аясында еш жерде жұмыс істемейтін жастар баспананы арзан пайызбен алуға мүмкіндік алуы тиіс болған. Бірақ, Талдықорғанның әкімдігі бұл бағдарламамен тек ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім жастар ғана ала алады деп мүмкіндікті шектеген. Қазір бұл бағдарламаға өтініш берушілер мүлдем аз. Себебі, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мемлекеттің арнайы бекітілген санаты бойынша баспаналы бола алады. Сол себепті, бұл бағдарламаға қызығушылық танытып отырғандар өте аз болып отыр.

«Талдықорған қаласының әкімдігі мен Отбасы банк бірлесіп, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастарға арналған жеңілдетілген «Жетісу жастары» 0-5-25 бағдарламасы жүзеге асыруда. Алайда, 5 ай ішінде 11-ақ өтінім қабылданып, оның 3-уі ғана Отбасы банкінің талаптарына сәйкес келген. Жұмыс осылай жалғасатын болса, жыл соңына дейін бағдарламаға бөлінген 400 млн теңге (40 пәтерге) игерілмеуі мүмкін. Осыған байланысты Отбасы банкі, Жастар орталығы және Талдықорған қалалық әкімдігі аталған санат бойынша кезекте тұрған әр азаматпен жұмыс жүргізіп, қаражаттың толық игерілуін қамтамасыз етуі қажет», - деді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли.

Талдықорған қаласы бойынша жетім және ана-ана қамқорлығысыз қалған жастар саны - 1310 адам. Егер 40 пәтер алушы өтініш бермесе, онда «Жетісу жастары» бағдарламасының ережесіне өзгеріс енгізу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді