Павлодарда шыбын-шіркейді жою жұмыстарын жүргізу «Хлебстрой» ЖШС-не жүктелген. Өйткені олар мемлекеттік сатып алу порталы арқылы үш жылдық тендерді ұтып алған, - деп хабарлайды kazlenta.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Компанияның атауы нанға қатысты болғанымен бұған дейін қала көшелерін жарықтандыру жұмыстарымен айналысқан. Соған қарағанда алдағы үш жылда Павлодар облысының масалары токқа түсіп қырылатын секілді.
Биыл Павлодар облысы қансорғыштармен күрес жұмыстарын бірден үш жылға жоспарлады. 2023-2025 жылдары дезинфекциялық іс-шараларға бюджеттен 661,9 миллион теңге қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу конкурсына төрт үміткер түсті. Олар Павлодар, Қарағанды, Астана және Алматы қалаларының компаниялары. Басында комиссия үміткерлердің есептік құжаттарынан кемшіліктер тауып кері қайтарған. Құжаттарын реттеп қайта өткізгенімен конкурсқа тек Павлодар мен елордалық компаниялар жіберілген. Кейін мемлекеттік сатып алу бағасын 450 миллионға дейін түсірген керекулік «Хлебстрой» ЖШС, үш жылдық тендерді ұтып алды. Өткен жылы бұл фирма Павлодар қаласының көшелерінде жарық орнату жұмыстарын атқарғанына қарап халық айран асыр. Айта кетерлігі, шыбын-шіркеймен күрес Павлодар облысы билігінің бас ауруы. Қайбір жылдары қорадағы ұсақ мал мен құстарды маса талап өлтірген оқиғалар да кездескен еді.
23-02-2023, 19:58
Павлодарлықтар масаны токпен соғып өлтірмек
Фото: inform.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз