Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулықтар масамен күреске кеткен 130 миллион қаржының желге ұшқанын айтып, дабыл қақты

Биыл Атырауда қалалық бюджеттен масаны улауға бұрын-соңды болмаған 130 миллион теңге қарастырылды. Алайда қаптаған маса атыраулықтарды әбден мезі етті. Қансорғыштарға таланған тұрғындар әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"Привокзальный шағын ауданында тұрамыз. Маса шаршатты. 1 жастағы баламның беті қып-қызыл болып бөртіп кеткен. Далаға да шықпаймыз. Үйге кірген маса түнімен ұйқы бермейді. Серуендеуді тіпті ұмыттық. Улаймыз деп жатқандары қайда, ешқандай нәтиже жоқ. Сонда ақша қайда кетіп жатыр?",- дейді қала тұрғыны Нұргуль Айтпаева.

Пабликтердің бірінде тараған видеодан бір уақытта мыңдаған масаның ауладағы темір қақпаға қонып тұрғанын байқауға болады. Оқиға қала маңындағы Жаңаталап ауылында болған.

"Сіздерге масаның масқарасын көрсетейін бе? Жаңаталап ауылы. Мынаның бәрі толып тұрған маса. Дауысын қараңыз, қалай шығып жатыр. Күй жоқ",- дейді ролик авторы.
 
Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, өңірде маса улау жұмыстары көктемде басталған. Оған бюджеттен 130 миллион теңге қарастырылған. Кестеге сәйкес, қала және қалаға қарасты елдімекендер, қала көшелері, жасыл желектер, саябақтарға дәрілеу жұмыстарын мамандар жүргізуде. Конкурс нәтижесі бойынша аталған жұмыс "AG Disinfection" мердігер мекемесіне жүктелген.

"Биыл масаны улау жұмыстары кеш басталды. Яғни, жылда наурыз айында басталса, биыл ақшаның бөлінуіне байланысты мамыр айында ғана улауға кірістік. Соның нәтижесінде маусым айының басынан қалада маса қаптап кетті. Жиі жауған жаңбыр да масалардың көбеюіне септігін тигізді. Сұйықтықтарды қайта қайта ауыстырып отырмыз. Арнайы дәрілерді Ресейден алдыртудамыз. Өйткені маса бір дәріге тез бейімдеп алып, кейін қайта тіріліп кетіп жатыр. Халықтан шағым биыл көп түсті. Дегенмен жұмысшылар күні-түні улап жатыр. Соңғы 3-4 күнде маса азайды, бірақ уақ шыбын-шіркей тиылмай тұр", - дейді "AG Disinfection" мекемесі басшысының орынбасары Нурлыбек Ахмедьяров.
 
Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі маманының айтуынша, қаладағы масамен күрес мәселесі басшылықтың тікелей бақылауында.

Әйгерім Сайқын, Атырау скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді