Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде қаржы пирамидасы автоломбард атын жамылып жұмыс істеген

Ақтөбеде автокөліктерді алып-сату схемасы бойынша ұйымдасқан қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеп.

Қаржы мониторинг агенттігі хабарлағандай, олар салымшылардың көлігін бөліп төлеу арқылы, нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алып, үшінші тұлғаларға арзанырақ сатқан.

"Аталған қылмысты  ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өңірлік прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көмегімен анықтады.

"Auto Seller" ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс жасаған. Материалдық залал сомасы 300 млн теңгеден асады", - деп хабарлады ведомство.

Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан көрінеді. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылып, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төлеп отырған.

"Auto Seller" ЖШС заңды мекен-жайы бойынша тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді. Сот шешімі бойынша күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады