Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбелік Ұлттық ұлан жауынгері ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ағымдағы жылдың 26-29 қаңтар аралығында Алматы қаласында ересектер арасында ушу – саньда спортынан Қазақстан кубогына жарыс өткізілді. Өткізілген жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 11 салмақ дәрежесі бойынша 200-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ер жігіт – елдің қорғаны. Ал еліміздің тыныштығын қорғау әр азаматтың борышы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп, ел тыныштығын қамтамасыз етумен бірге спортты жанына серік етіп, үлкен додаларда топ жарып жүрген әскери қызметшілеріміз жетерлік. Осындай әскери қызметшілердің бірі «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің жауынгері қатардағы Нұрсұлтан Измурзаев.

Қатардағы Измурзаев Нұрсұлтан Алматы қаласында өткізілген ушу – саньдадан Қазақстан кубогы жарысында 70 келі салмақ дәрежесіне дейін өнер көрсетіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп алтыннан алқа тақты.

- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті.  Жарыс барысында 4 кездесу өткіздім, қарсыластарымның барлығы жақсы дайындықпен келген. Мен үшін ең қиыны ақтық бәсеке болды, қарсыласым бойшаң және өте жылдам спортшы екен. Кездесу барысында қарсыласымнан айламды асырып ұпай санымен жеңіп шықтым деді, - жарыс жеңімпазы Нұрсұлтан Измурзаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады