Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар жинақтарын қай банктерге салды?

2022 жылғы 1 желтоқсанда ҚР-дағы жеке тұлғалардың депозиттері 15,7 трлн теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғыдан 566 млрд теңгеге, бір жыл бұрынғыдан бірден 2,8 трлн теңгеге артық, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Биыл көп нәрсе болды. «Коронадағдарыстың» салдары ҚР-ға әлі де кері әсерін тигізуде, геосаяси дағдарыстың да өзіндік ықпалы бар. Жалпы, ҚР банк жүйесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, кейбір ойыншылар нарықтан кетті, басқалары иелерін ауыстырды. Секторда тек 21 банк қалды. Қазіргі жағдайда қазақстандықтар өз ақшаларын тек ең ірі, тұрақты және сенімді қаржы институттары мен банктік экожүйелерге сеніп тапсыруға дайын.

Kaspi.kz халық депозиттерінің жылдық өсімі бойынша абсолютті көшбасшы болып шықты: 1 желтоқсанда банктегі бөлшек депозиттер портфелі 3,4 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 895,2 млрд теңгеге артық. Небәрі бір айдың ішінде банк клиенттері депозит портфелдерін 108,4 млрд теңгеге ұлғайтты.

Kaspi.kz бөлшек депозиттерінің нарықтағы үлесі бір жыл бұрынғы 19,4%-бен салыстырғанда 21,6%-ды құрайды. Айта кетейік, дағдарыс кезеңінде бөлшек сегменттегі мұндай өсім қазақстандықтардың қаржы институтына деген сенімін және ілеспе қолжетімді экожүйеге (нарық, төлем жүйесі, финтех) жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Жеке тұлғалардың депозиттерінің жылдық өсімі бойынша екінші орында Halyk Bank: 806 млрд теңгеге көбейіп, шамамен 5 трлн теңгеге жетті. Айта кетерлігі, өз маркетплейсі бар бұл банк те қашықтан қызмет көрсетуді дамытып жатыр. Halyk тобына кіреді.

Үздік үштікті ЦентрКредит Банкі жабады: бір жылда 784,4 млрд теңгеге ұлғайып, 1,5 трлн теңгеге жетті. Бұл банктің осыншалықты өсуі бұрынғы ресейлік Альфа-Банкті сатып алумен байланысты.

Аталған үштіктен басқа, оның өзінде біреуі басқа банкті сатып алғанын ескерсек, депозит портфелінің жоғары өсімі ұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қаржы институты — Отбасы банкінде ғана байқалды. Бұдан байқайтынымыз, қазақстандықтар банкпен жұмыс істегенде барынша сауатты және мұқият.

Жалпы, сектор бойынша елдегі 21 ЕДБ ішінде 14 қаржы институты жылдық динамика бойынша оң көрсеткіш көрсетсе, қалған 7 банк көрсеткіші төмендеген. Портфель көлеміндегі ең үлкен шығын тағы бір бұрынғы ресейлік, Сбербанк деп аталған қазіргі Bereke Bank-те: 794,9 млрд теңгеге құлдырап, небәрі 180,4 млрд теңгені құрады.
Осыдан он жыл бұрын Қазақстанда 38 банк болса, бес жыл бұрын 32 банк болған. Небәрі екі жыл бұрын нарықта 26 ойыншы болған. Бүгінгі таңда ҚР-да небәрі жиырма шақты қаржы институты жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде кейбірінің нарықтан кетуі мүмкін ескерсек, ақшаны барынша сақтауға барынша жауапты және мұқият қарау керек.

Еске сала кетейік, ҚР-да КДКҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі бар және оған 19 ЕДБ кіреді. Дегенмен, қазақстандықтар форс-мажор кезінде ақшаны қайтаруды емес, жалпы ешқандай форс-мажордың болмауына кепілдік сұрайды. Халықтың депозиттері ең ірі және дәлелденген қаржы институттарына сенімді түрде ағып жатқанына қарағанда, ҚР халқы мен елдегі шетелдіктер өз таңдауын жасап қойған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді